Takeda logo

Takeda және UMC: сирек сырқаттарға көмек

Takeda Қазақстан мен University Medical Center сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


Calendar
2024 ж. 1 қараша

Астана, 1 қараша 2024 жыл – «Такеда Қазақстан» халықаралық фармацевтикалық компаниясының Бас директоры Михаил Владимиров және University Medical Center Корпоративтік қоры Басқармасының Төрағасы Юрий Пя өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам ғылыми-білім беру жобалары саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға және Қазақстанда сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіншеGo to https://24.kz/ru/news/zdravookhranenie/640869-chislo-patsientov-s-redkimi-zabolevaniyami-rastet-v-kazakhstane, былтыр Қазақстанда дәрігерлердің бақылауында сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан 76 мыңнан астам науқас болған, олардың 15 мыңы - балалар.

Меморандум тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну (ТҚАІ), бастапқы иммунитет тапшылығы (БИТ), ІІ типті мукополисахаридоз (Хантер синдромы), гемофилия, ішектің қабыну аурулары, қысқа ішек синдромы және т.б. сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтиды. Бірлескен жұмыс мамандандырылған көмекке мұқтаж науқастар үшін инновациялық терапиялық және диагностикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталатын болады.

Тараптардың өзара ынтымақтастығының негізгі бағыттары мамандар арасында біліктілік пен тәжірибе алмасу үшін ғылыми-танымдық іс-шараларды ұйымдастыруды, диагностикалық жобаларға қолдау көрсетуді, сондай-ақ жұртшылық пен БАҚ назарын сирек кездесетін сырқаттар мәселесіне аударуды қамтиды. Серіктестік науқастардың өмір сапасын жақсартатын бастамаларға бірлесіп қатысуға, ғылыми зерттеулерді және білім беру іс-шараларын қолдауға бағытталған.

«Біздің мақсатымыз медициналық көмекті жоғары деңгейде ұстап тұру ғана емес, сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарға арналған терапиялық және диагностикалық шешімдерді әзірлеуге септесу болып табылады. University Medical Center-мен ынтымақтастық бүкіл елде сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастардың өмір сапасын жақсарту үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Такеда Қазақстан» бас директоры Михаил Владимиров.

Юрий Пя, University Medical Center Корпоративтік қоры Басқармасының Төрағасы, былай деді:

«Біз үшін медициналық инновацияларды бірлесіп ілгерілету үшін жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікті дамыту айрықша маңызды. Осы ынтымақтастықтың арқасында біз сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастардың көпшілігіне озық диагностика және емдеу әдістерін қолжетімді етіп, осылайша олардың өмір сапасын жақсарта аламыз».

Меморандум аясында тараптар сондай-ақ сирек кездесетін сырқаттарды емдеудегі жетістіктер мен қиындықтарға жұртшылықтың назарын аудару үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын қолдау туралы келісті. Тараптар арасында жоспарланған ынтымақтастық мерзімі ұзарту мүмкіндігімен үш жылды құрайды.

Two men shaking hands