Арнайы мүмкіндіктер туралы мәлімдеме

Арнайы мүмкіндіктер туралы мәлімдеме


Takeda Pharmaceutical Company Limited (Takeda) компаниясы өз клиенттеріне қамқорлық көрсете отырып, www.takeda.com («Сайт») сайтының мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде экраннан оқу технологиясын пайдаланушыларға қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға тырысады.

Осы мақсатта Takeda компаянисы Веб-контенттің қолжетімділігі жөніндегі нұсқаулықты (WCAG) стандарт ретінде қабылдап, өз сайтын әзірлеу барысында қолжетімділікті ескерді. Бұл цифрлық компоненттерді қолжетімділік нұсқауларына сәйкес құруды, қолжетімділікті мониторингілеу құралдарын енгізуді, пайдаланушылық тестілеуді өткізу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіретін ұйымдармен серіктесуді, сондай-ақ веб-контенттің қолжетімділігін басқару моделін енгізуді қамтиды.

Сайттың қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын ескеріңіз. Takeda компаниясы өз сайтын мүмкіндігінше қолжетімді етуге тырысқанымен, көмекші технологиялардың ауқымы кең және алуан түрлі болуына байланысты кейбір мәселелер туындауы мүмкін. Егер сайттың қолжетімділігіне қатысты қандай да бір мәселе туындаса, контентті балама түрде алу үшін бізге хабарласуыңызды сұраймыз.

Бізбен байланысу


Егер белгілі бір веб-парақшаның немесе сайт бөлімінің қолжетімділігі бойынша сұрақтарыңыз не алаңдаушылығыңыз болса, бізге [email protected] электрондық поштасына немесе +41 (0)79 658 61 12 телефоны арқылы хабарласыңыз. Егер қолжетімділік мәселесі туындаса, қажетті көмек алу үшін міндетті түрде веб-парақшаны, сайт бөлімін және мәселенің сипатын көрсетіңіз. Сайтқа кіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз!