Корпоративтік философия

Мақсаты

Біздің мақсат - медицинадағы жетекші инновация арқылы дүние жүзіндегі адамдарға жақсы денсаулық пен жарқын болашақ сыйлау.

Көзқарас 2025

Емделушілер қажеттіліктерін кез келген орында қанағаттандырамыз. Біз қоғам мен тұтынушылар сеніміне Takeda-ism арқылы ие боламыз. Біз сала үздігі ретінде танылғанбыз, оның себебі жылма жыл тұрақты желі құруға және өсімді қамтамасыз етуге көмектесетін ширақтық пен инновацияда.

Құндылықтар

corporete_philosophy_block_002

Стратегиялық жол картасы

Мақсатымызға жету қадамдары стратегиямызда белгіленген:
Біз құндылықтарға, адамдарға, ғылыми& зерттеуге және жұмыс өнімділіктеріне сүйенеміз, себебі олар 2025 жылғы мақсатымызға бет алуға көмектеседі. Орындылығын қамтамасыз ету үшін оларды жүйелі түрде қарап шығып отыру керек.

Құндылықтар

Takeda-ism (тұтастық, əділдік, адалдық, табандылық) және төрт басымдық (емделуші, сенім, бедел, бизнес) барлық уақытта сапалы және дұрыс қызмет көрсетуімізге кепілдік беретіндей жұмыс істеу салтымызға терең енген.

Takeda - емделуші мен тұтынушыға бағытталған ұйым. Біздің жергілікті ұйымдар тұтынушы қажеттіліктеріне сай істейді.
Біздің қызметкерлердің әр түрлі және икемді ұйымды дамыту және құрастыру мүмкіндігі бар.

Takeda жетекшілері стратегиялық ой көрсетеді, емделушілерге қызмет көрсетудің инновациялық жолдарын табады, қоғаммен сенімді қатынас құрады, беделімізді асқақтатады және бизнесімізді өрлетеді. Олар адамдардың іскерлесуіне және ұйымды алға жылжытуына мүмкіндік беретін ортаны жасайды. Олар арнайы басымдықтарға зейін қойып, жоғары нәтижелер береді. Олар ұйымның қазіргі және болашақ мүмкіндіктерін арттырады.

Ғылыми зерттеулер мен талдамалар

 

Takeda ұйымы әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер мен талдамалар беретін инновация арқылы өмірді өзгертетін дәрілерді емделушілерге жеткізіп келеді. Біз инновацияның ең жоғарғы деңгейін қолдана отырып, онкология, гастроэнтерология (ГИ) және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) терапиялық тұстарын зерттеуге зейін қоямыз.

Сонымен қатар, денге мен норовирус үшін кеш кезеңді вакцина үміткерлері мен арнайы жүрек-тамыр ауруларын зерттеу бағдарламалары бар. Өндірістегі үздік серіктестер көмегімен зерттеу жұмыстарын іштей және сырттай жүргіземіз.

Бизнес
Өнімділік

Takeda ұйымы дүние жүзіндегі гастроэнтерология және онкология портфелі және төтенше нарықтардағы бизнес арқылы сатылым өсімін сақтауда. Сонымен қатар, тиімді өсіммен қатар медицина саласына кең мүмкіндік беру жолында қаржы салудамыз.


Қатысты мазмұн