Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Украина мен ТМД кластердың бас директорынан хабарлама

Ebru Yavuz.jpg

Қазақстан – Украина мен ТМД кластерінің негізгі елі және стратегиялық маңызды нарық.

Takeda компаниясының қызметкерлері өз үлестерімен біздің жоғары инновациялық дәрі-дәрмектерімізге жылдам және үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді, осылайша біз өзіміздің миссиямызды орындаймыз – адамдардың денсаулығы үшін ең жақсысын жасау және бүкіл әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз ету.

Біздің жұмысымыз – бұл пациенттердің медициналық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күнделікті жаңа шешімдерді іздеу. Біз сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаһандық проблемалары, оның ішінде сирек кездесетін аурулар, онкология, гастроэнтерология және неврология туралы хабарлауды мақсат етеміз.

Қазақстандағы Takeda пациенттерге, соның ішінде күрделі ауру анықталған науқастарға көмектесуге тырысады.

Біздің компания бүкіл әлемде миллиондаған адамдардың өмірін жақсарту үшін мүмкіндігінше көп нәрсе жасауға тырысады. Біз қоғамдағы рөліміз пациенттерге көмек көрсету және бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелерінің сын-қатерлерімен күресуге бағытталған жаңа және инновациялық шешімдерге талпыну екенін өзімізге үнемі еске саламыз.

Signature Ebru Yavuz-black.jpg

Эбру Явуз,

Украина мен ТМД кластерінің Бас директоры