Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Жеткізушілердің мінез-құлық кодексі

Күн сайын бүкіл әлем бойынша сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсынатын біздің жеткізушілеріміз корпоративті мақсатқа жетуге көмектесуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, Takeda жеткізушілерінің бұл Мінез-құлық кодексі Takeda компаниясының жетістігі мен оның тұрақты өсуіне қол жеткізу үшін негіз болып табылатын жеткізушілермен тиісті қарым-қатынасты қамтамасыз етуге арналған.

Жеткізушінің Кодексі іскерлік этика және коммерциялық қызмет қағидаттарын, адам құқықтарын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды, жануарлар құқықтарын, сондай-ақ жалпы басқару жүйелерін қамтиды. Takeda компаниясы сатып алуға қатысатын жеткізушілердің біліктілік процесінің бөлігі ретінде жеткізушілердің Мінез-құлық кодексін енгізді және одан әрі қарау мақсатында жеткізушілердің басымдылығын анықтау үшін тәуекелдерді бағалау моделін қолданады.

Takeda компаниясы оның жеткізушілері барлық тиісті заңды талаптарды сақтайды деп күтеді және Takeda жеткізушілерінің Мінез-құлық кодексінде көрсетілген ережелерді орындауға тырысады.

Takeda компаниясы жеткізушілердің Мінез-құлық кодексінде қамтылған нұсқаулықтарды ұстануын бағалайды және олардан туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдесуді сұрайды. Takeda компаниясы тәуекелдерді басқару және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтағы тиімділікті тұрақты арттыру мақсатында шарттарды жақсартуға немесе проблемаларды шешуге ұмтылатын жеткізушілермен ынтымақтасатын болады.

Жеткізушілерден Takeda жеткізушілерінің Кодексімен танысуды және Takeda-мен бизнес жүргізу шеңберінде Кодекстің алынғанын растауды сұраймыз.

Takeda жеткізушілерінің Мінез-құлық кодексі сілтеме бойынша орыс тілінде қол жетімді