Цераксон®

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл ерітінді 4 мл-ден қорғағыш пластик түтікті және ампуланы сындыруға арналған жолағы бар бейтарап шыныдан жасалған шыны ампулаларда. 5 ампуладан пішінді ұяшықты пластик қаптамаға салады. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапқа салынады.

Ішуге арналған 10 г/100 мл ерітінді

10 мл. 10 мл препараттан полиэтиленнен жасалған пакетте. 10 пакет қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар.

5 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған

Ішуге арналған 10 г/100 мл ерітінді

30 мл. 30 мл препарат бұралып жабылатын пластик қақпақпен тығындалған түссіз мөлдір шыны құтыда.1 құтыдан дозалағыш еккішпен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.