Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Неврология

Нейробиологияның терапевтік саласындағы біздің қызметіміз неврологиялық ауруларға шалдыққан, пациенттердің үлкен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерімен негізделеді. Takeda-ның міндеті осындай пациенттерге инновациялық және ауруды әлеуетті түрлендіретін дәрілерді ұсыну болып табылады. Біздің пациенттерге бұлжытпастан берілгендігіміз зерттеу мен әзірлемелеріміздің аясынан шығып, хабардар ету, білім беру және терапияға қол жетімділікті кеңейту мақсаттарында неврологиялық пациенттердің ұйымдарын, сол сияқты денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау көрсетеді.

 

Аурулар

Үлкен депрессивті бұзылу (ҮДБ)

ҮДБ, депрессия ретінде де белгілі, бұл күрделі психикалық бұзылу, ол әлем бойынша мүгедектіктің жетекші себебі болып табылады және аурулардың жаһандық ауыртпалығына негізгі үлес қосады. ҮДБ эмоционалды, когнитивті және физикалық көріністерді тудырады, соның ішінде депрессиялық көңіл-күй, қызығушылықтың немесе рақаттылықтың төмендеуі немесе салмақтың жоғарылауы, тәбеттің өзгеруі, ұйқысыздық немесе шамадан тыс ұйқышылдық, психомоторлық қозу немесе енжарлық, шаршау немесе энергияның төмендеуі, өзімізді түкке тұрғысыздық немесе кінә сезімін шамадан тыс сезіну, ойлау қабілетінің немесе зейін қоюдың төмендеуі, шешімге келе алмау және суицидтік ойлардың қайталануы.

 

Назар аудару тапшылығы және гиперактивтіліктің синдромы (НТГС)

НТГС – балаларда жүйке жүріс-тұрыс бұзылуларының ең кең таралған түрлерінің бірі. НТГС негізгі ерекшелігі қызмет етуге немесе дамуға кедергі жасайтын зейінсіздік және/немесе гиперактивтіліктің қайталанатын паттерні болып табылады. Адамдардың көбі НТГС туралы бала шағындағы мәселесі деп санайды, алайда НТГС шалдыққа балалардың шамамен 50 пайызы ересек жаста осы бұзылудың көрсеткіштеріне сәйкестікті жалғастыруы мүмкін.

 

Компульсивті шамадан тыс тамақтану (КШТТ)

КШТТ ересек американдықтар арасында тәбеттің бұзылуының аса кең таралғаны болып табылады және анорексия мен булимияны қоса алғанда кең таралған. КШТТ нәсілдік немесе этникалық тиесілігіне қарамастан, әйелдерде де, еркектерде де туындайды, салмағы қалыпты, артық салмақты және семіз адамдарда кездесуі мүмкін. КШТТ – бұл үш ай бойы аптасында кемінде бір рет қайталанатын ашқарақтық ұстамалары. Пациенттер тамақты артық жеу эпизодында өздерін бақылай алмайды және шамадан тыс тамақтану салдарынан көңілдері бұзылады.