Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Қазақстанда өкпе қатерлі ісігін емдеуге арналған жаңа жедел препарат қолжетімді

2021 ж. 16 маусым

Алматы, Қазақстан, 17 маусым, 2021 жыл. Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын ЖШС «Такеда Қазақстан» компаниясы Қазақстан нарығына өкпе қатерлі ісігін емдеуге арналған жедел инновациялық препаратты шығарды. Алунбриг® (бригатиниб) препараты пациенттердің болжамы мен өміршеңдігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Өкпе қатерлі ісігі - әлемдегі ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Бұл ерлердегі онкологиялық аурулардан өлімнің жетекші себебі және әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігінен кейінгі екінші себеп болып табылады. Өкпе қатерлі ісігі кезіндегі болжам, әдетте, қолайсыз: бес жылдық өмір сүру деңгейі – 17,7%-дан аспайды. Себебі, көп жағдайда өкпенің қатерлі ісігі кез-келген емдеу тиімсіз болған кезде ғана кеш сатыда анықталады. Global Cancer Observatory1 мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда 4 642 жаңа өкпе қатерлі ісігі жағдайы және осы аурудан 3 556 өлім тіркелген, бұл барлық қатерлі ісік түрлерінің 13% құрады. Өкпе қатерлі ісігінің бір түрі - бұл 80% жағдайда кездесетін кіші жасушалы емес қатерлі ісік, ол миға метастазалаудың жоғары ықтималдығымен сипатталады, бұл науқастың жағдайын едәуір нашарлатады және оның өмір сүру сапасын төмендетеді.

Алайда, таргетті терапияның заманауи технологиялары қалыптасқан стереотиптерді өзгертеді. Инновациялық онкологиялық препараттарды әзірлеумен және өндірумен белсенді айналысатын Takeda компаниясы жаңа буын Алунбриг® (Бригатиниб) препаратының негізіне айналған молекуланы жасап шығарды. Сынақ нәтижелері бойынша Алунбриг FDA-мен мақұлданып, Еуропа, АҚШ, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Жапония елдерінде өкпенің АЛК-позитивті кіші жасушалы емес қатерлі ісігі бар науқастарды емдеуге арналған ESMO және NCCN2 соңғы ұсыныстарына енгізілді. Енді Қазақстанда да Алунбриг® қатерлі ісіктің бұл түрін AЛК-позитивті кіші жасушалы емес өкпе қатерлі ісік терапиясының бірінші және екінші желілерінде емдеуге болады. Қазақстандық онкологтардың қарамағында ісік жасушаларына таргеттік, яғни көздемелі әсер етуге мүмкіндік беретін жаңа препараттың пайда болуы емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.   

Өкпедегі ісікке де, мидағы метастаздарға да әсер етуге мүмкіндік беретін препараттың болуы дәрігерлерге осындай патологиясы бар пациенттердің өмір сүру деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша,  ALTA-1L33 зерттеуінде өкпенің АЛК-позитивті кіші жасушалы емес өкпе қатерлі ісігі бар науқастарды бригатинибпен емдеу дәстүрлі терапиямен салыстырғанда прогрессия мен өлім қаупін екі есе (51%-ға) төмендететіні дәлелденді.

ALTA4 зерттеуіндегі ересектердегі бригатиниб сынағының негізгі кезеңінің нәтижелері шынымен де таңқаларлық болды. Препарат ісік көлемінің төмендеуіне ғана емес, тіпті үмітсіз пациенттердің өмір сүру ұзақтығын едәуір ұзартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, Алунбриг® (бригатиниб) FDA-мен метастатикалық кіші жасушалы емес өкпе қатерлі ісігін емдеу үшін де, терапияның бірінші желісінде де, кризотиниб препараты көмектеспеген немесе оның төзімсіздігі бар науқастар үшін де мақұлданды. 

– Біз Takeda–ның онкология саласындағы серпінді әзірлемелерін мақтан тұтамыз, соның арқасында енді Қазақстанда өкпе қатерлі ісігі бар пациенттердің өмірін жеңілдету және олар үшін болжамды жақсарту мүмкіндігі пайда болды, - деп түсіндірді «Такеда Қазақстан» директоры Сабира Салыхова. – Біз мұндай инновациялық препараттар мен терапия әдістерінің көмегімен пациенттерді қолдаудың аса маңыздылығын көреміз. Сондықтан біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған жаңа препараттардың белсенді әзірленуі жалғасуда.

 

1. Global Cancer Observatory, в 2020 https://gco.iarc.fr/today/fact-sheets-populations

2. National Comprehensive Cancer Network (NCCN) https://www.nccn.org/professionals/physician_gls/pdf/nscl.pdf

3. Camidge D.R., et al., N Engl J Med 2018;379:2027-39

4. D Ross Camidge University of Colorado, Aurora, CO, USA Singapore, 23 November 2019 ESMO Asia

5. FDA approval May22,2020 https://www.fda.gov/drugs/drug-approvals-and-databases/fda-approves-brigatinib-alk-positive-metastatic

 

C-APROM/KZ/ALUN/0009