Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Takeda биофармацевтикалық компаниясы екінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік жұмыс беруші болып танылды

2021 ж. 28 қаңтар

Алматы. ҚАЗАҚСТАН. 2021 жылғы 29 қаңтар. Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы Top Employers Institute (Үздік Жұмыс Берушілер Институты) беделді халықаралық ұйымының «Үздік жұмыс беруші 2021» марапатын қайта иеленіп, Қазақстандағы жетекші жұмыс беруші атағын растады. Бұған қоса, Takeda компаниясына төртінші жыл қатарынан әлемдегі үздік жұмыс берушінің беделді жаһандық мәртебесі берілді.

 

Осы жылы Takeda компаниясы 38 елде және төрт географиялық аймақта: Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, Латын Америкасы және Таяу Шығыста «Үздік жұмыс беруші 2021» мәртебесін растау арқылы құндылықтар, этика мен адалдық, ұйымдастырушылық өзгерістер, көшбасшылық, тұрақтылық, өнімділікпен белсенділікті басқару сияқты салаларда Top Employers Institute талаптарынан асып түсті. Takeda жергілікті операциялық компанияларына берілген 38 сертификаттың 24-і Қазақстан кіретін Өсіп келе жатқан және Дамушы нарықтар бизнес бөлімшесіне берілді.

 

- Біз екінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік жұмыс беруші атағын растағанымызға қуаныштымыз. Біз үшін Takeda қызметкерлеріне ең жақсы жұмыс жағдайларын жасау және әркімге өз-өзін көрсетуге мүмкіндік беру аса маңызды, өйткені бұл дамып келе жатқан нарықтардағы пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы компанияның міндеттемелері бойынша біздің адамдарға барлық мүмкіндікті іске асыруға көмектесетін кілт деп санаймыз,- деді «Такеда Қазақстан» ЖШС персоналмен жұмыс жөніндегі директоры Айжан Кенже. - Бүгінгі COVID-19 пандемиясымен байланысты қиын жағдай адамзатқа көбірек назар аударуды талап етеді. Қызметкерлерімізге қолдау көрсетіп, өзін-өзі жүзеге асыруды демеп және сенім мәдениетін нығайта отырып, біз адамдарға мықты денсаулық пен әлемнің жарқын болашағын құруға көмектесе аламыз.

 

Top Employers Institute бас директоры Дэвид Плинк атап өткендей, - Takeda компаниясы жаһандық және жергілікті деңгейде өз қызметкерлеріне адалдығын көрсетуді жалғастыруда және біз оларды төртінші жыл қатарынан Top Employer жаһандық сертификациясын иеленуімен құттықтаймыз.

 

Жоғарыда атап өтілгендей, биыл үздік жұмыс беруші мәртебесі Институт анықтаған географиялық аймақтардағы Takeda-ның 38 жергілікті операциялық компанияларына берілді:

  • Африка: Алжир
  • Азия-Тынық мұхиты аймағы: Австралия, Қытай, Гонконг, Индия, Индонезия, Жапония, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань және Тайланд.
  • Европа: Австрия, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Польша, Португалия, Ресей, Испания, Швейцария, Түркия, Великобритания және Украина.
  • Латын Америкасы: Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Мексика және Перу.
  • Таяу Шығыс: Израиль, Сауд Арабиясы и Біріккен Араб Әмірліктері.
  • Солтүстік Америка: АҚШ.

 

Top Employers Institute бағдарламасы персоналды басқару саласындағы озық тәжірибені растайтын тәуелсіз зерттеу нәтижелері негізінде ұйымдарды сертификаттайды. Бұл сауалнама персоналды басқару қызметінің 6 саласын қамтиды, олар адамдарға бағдар алатын 20 бағыттан тұрады, олардың ішінде: мансапты дамыту; мәдениет; әртүрлілік және интеграция; оқыту; тұрақтылық; құндылықтар; әл-ауқат және жұмыс ортасы. 30 жыл бұрын құрылған Институт осы уақыт аралығында бес құрлықтағы 1600-ден астам үздік жұмыс берушіні сертификаттады.

 

Үздік жұмыс берушілер Институты және үздік жұмыс берушілерді сертификаттау туралы көбірек білу үшін www.top-employers.com сайтына кіріңіз.  

 

C-ANPROM/KZ/CORP/0018