Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Өзбекстанның емдеу-профилактикалық мекемелері Takeda компаниясынан жеке қорғаныс құралдарын алды

2020 ж. 26 мамыр

Өзбекстан Республикасындағы Takeda Pharmaceutical (бұдан әрі Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының өкілдігі осы елдің емдеу-профилактикалық мекемелеріне (ЕПМ) COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмония пандемиясымен күресте көмек көрсетті.
Бөлінген қаражат республиканың 30-дан астам емдеу-профилактикалық мекемелері үшін жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бағытталды. Жеке қорғаныс құралдарына 36 000 медициналық маска және 3000-нан астам санитайзер кірді, олар елдегі COVID-19 жұқтырғандардың санын азайту мақсатында жоғары қауіпті аймаққа келген ЕПМ қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие.
- Бүгінгі таңда жаңа коронавируспен күресу үшін Үкіметтің, медициналық қоғамдастықтың, фармацевтикалық компаниялардың және халықтың күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Takeda жаһандық деңгейде басқа серіктестермен альянста бірігіп, COVID-19 плазмалық терапиясын дайындау бойынша жұмыс істеуде. Біз сондай-ақ Өзбекстанда коронавирустың таралу қаупімен күресуге өз үлесімізді қосуға және елдің емдеу-профилактикалық мекемелері мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге дайынбыз,- деп атап өтті Азия-Кавказ кластеріндегі Takeda басшысы Арминас Мацевичус.
Өзбекстан Республикасының оннан астам қаласында орналасқан 32 емдеу-профилактикалық мекемелері жеке қорғану құралдары түрінде көмек алды: Ташкент, Ферғана, Әндіжан, Наманган, Бұхара, Қарши, Самарқанд, Шерабад, Үргенч, Маргилан және басқалары.
Қазіргі уақытта Takeda Pharmaceutical өзге де серіктестермен альянста бірлесе отырып, COVID-19-ға плазмалық терапияны дайындаумен айналысып жатыр, осылайша пандемияға қарсы жаһандық күреске өз үлесін қосуда. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша