Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы коронавируспен күресу үшін «Такеда Қазақстан» компаниясынан қаражат алды

2020 ж. 3 мамыр

«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақмола облыстық филиалы жаңа COVID-19 үлгідегі коронавирусы тудырған пневмония пандемиясына қарсы күресте Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына көмек көрсету үшін Takeda Pharmaceutical (бұдан әрі - Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының қазақстандық филиалынан 1 млн.теңге сомасында қаражат алды.

Бөлінген қаражат қазіргі уақытта қауіп-қатері жоғары зонада жүріп, елордалық аймақтағы COVID-19 жұқтырған науқастардың санын азайту үшін еңбек етіп жатқан Ақмола облыстық ауруханасының бір жарым мың медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бағытталады.

«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақмола облыстық филиалында жеке қорғаныс құралдары медициналық мекеменің шұғыл түрде мұқтаж кез-келгенге медициналық көмек көрсете алу қабілетін жетілдіруде, сондай-ақ қауіпті пандемияға қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұрған медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие екені атап өтілді.

- Бүгінде үкіметтің, медициналық қауымдастықтың, фармацевтикалық компаниялар мен халықтың жаңа коронавируспен күресу үшін күш-жігерін біріктіруі өте маңызды. Takeda жаһандық деңгейдегі өзге де серіктестермен альянста бірігіп, COVID-19 плазмалық терапиясын құру бойынша жұмыс істеуде. Сондай-ақ біз Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне қарсы күресте өз үлесімізді қосуға және қазақстандық медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Азия-Кавказ кластеріндегі Takeda басшысы Арминас Мацевичус.

Қазіргі уақытта Takeda Pharmaceutical, жаһандық деңгейде басқа серіктестермен альянста бірігіп плазмалық терапияны құру бойынша жұмыс істеуде. Қосымша сілтеме бойынша https://www.takeda.com/newsroom/featured-topics/coronavirus-efforts/

Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниясы туралы

Takeda Pharmaceutical Company Limited (бұдан әрі – Takeda) компанияның және оның ғылыми-зерттеу қызметінің құндылықтарына негізделген, штаб-пәтері Жапонияда орналасқан биофармацевтикалық препараттарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания ғылыми жетістіктерін жоғары инновациялық препараттарға өзгерту арқылы емделушілерді емдеуде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеді. Компания өз күшін төрт терапия саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге шоғырландырады: онкология, гастроэнтерология, неврология мен сирек сырқаттар. Плазма туындылары мен вакциналар терапия саласындағы зерттеулер және әзірлемелерге мақсатты инвестициялар іске асырылады.
Компания емдеудің жаңа нұсқаларының шекарасын кеңейтіп, жаңа тиімді өнімдерді жасау үшін Ғылыми әзірлемелер бөлімшесін (R&D) пайдалана отыра, адамдардың өмірін өзгертуге көмектесетін жоғары инновациялық дәрілік препараттарды жасауға тоғыстырылған. Біздің қызметкерлер емделушілердің өмір сапасын жақсартуға және шамамен 80 ел мен өңірлердегі денсаулық сақтау саласындағы серіктестерімізбен қызмет жасауға ұмтылады.

Қосымша ақпарат алу үшін https://www.takeda.com сайтына кіріңіз.