Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Takeda компаниясы үшінші жыл қатарынан «Үздік жұмыс беруші» беделді халықаралық сыйлығына ие болды

2020 ж. 29 қаңтар

Takeda Pharmaceutical Company Limited [TSE: 4502/NYSE:TAK] (Takeda) компанияға «2020 жылдың үздік жұмыс берушісі» жаһандық мәртебесі берілгені туралы жариялады. Үшінші жыл қатарынан «Такеда» компаниясы осы беделді атаққа ие болды. Top Employers Institute ұйымы әзірлеген сыйлық 25 жылдан астам уақыт аралығында табысталып келеді және жыл сайын қызметкерлердің кәсіби және жеке өсуі үшін ең жақсы жағдайлар жасайтын және персоналды дамыту саласындағы ең жоғары стандарттарды сақтайтын компанияларға беріледі.

Үш жыл қатарынан «Үздік жұмыс беруші» атағын иелену – біз қызмет ететін әлемнің әр елінде ең жақсы жұмыс жағдайларын жасауға деген ұмтылысымыздың дәлелі», - деді Takeda компаниясының адами ресурстар жөніндегі жаһандық директоры Падма Тирувенгадам. «Takeda компаниясының әрбір қызметкері бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттердің жарқын болашақты құруына септігін тигізе отырып, өз әлеуетін іске асыра алуы өте маңызды».

Top Employers Institute персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімдер қызметінің 600 көрсеткішін зерттей отырып, компаниялардың өз қызметкерлері үшін жасаған шарттарына баға береді. Келесі параметрлер бағаланады:

  • Перспективті қызметкерлерді дамыту стратегиясы
  • Қызметкерлер санын жоспарлау
  • Жаңа қызметкерлерді бейімдеу бағдарламасы
  • Қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі бағдарламалар
  • Басшылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағдарламалары
  • Қызметкерлердің мансаптық өсуін және компанияның кадр резервін басқару
  • Бонустық және өтемақы бағдарламалары
  • Корпоративтік мәдениет

 

Top Employers Institute ұйымының бас директоры Дэвид Плинк өз ойын білдірді: «Takeda өз қызметкерлері үшін ең жақсы еңбек жағдайларын жасауда тұрақтылықты көрсетеді, бұл үшінші жыл қатарынан «Үздік жұмыс беруші» деген жаһандық мәртебені иеленуден көрінеді. Takeda өз қызметкерлерінің үздік тәжірибесін жаһандық деңгейде дәйекті түрде жүзеге асырады, өйткені компания өз қызметкерлерінің барлық істердің ортасында екендігіне сенімді – бұл оның ерекшелігі. Менің құттықтауымды қабыл алыңыздар!».

Осы жылы Takeda компаниясы таланттарды басқару, қызметкерлердің мансаптық өсуін басқару және кадрлық резервті қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс тиімділігін басқару саласындағы Top Employers Institute талаптарынан асып түсіп, 30-дан астам ел мен төрт өңірде «Үздік жұмыс беруші» мәртебесін алды:

  • Азия-Тынық мұхиты: Австралия, Қытай, Гонконг, Индонезия, Жапония, Малайзия, Филиппин, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань және Таиланд
  • Еуропа: Австрия, Дания, Финляндия, Ирландия, Ресей, Қазақстан, Португалия, Испания, Түркия және Украина
  • Латын Америкасы: Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Мексика және Перу
  • Таяу Шығыс: Египет, Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ
  • Оңтүстік Африка Республикасы
  • Америка Құрама Штаттары

«Такеда Ресей» компаниясы төртінші жыл қатарынан беделді «Үздік жұмыс беруші» атағын иеленді. Біз күш-жігерімізді жоғары бағалағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені біз компанияға үздік жұмыс беруші атануға жол ашатын мәдениетті қалыптастырамыз. Біздің компаниямыздың жетістігінің негізі адамдарға, біздің қызметкерлерге, пациенттерге және серіктестерге қамқорлық жасау екендігіне шынайы сенеміз», - деп атап өтті «Такеда Ресей» персоналмен жұмыс жөніндегі директоры Екатерина Гребенникова.

Top Employers Institute және жетекші жұмыс берушілерді сертификаттау туралы толығырақ ақпарат сайтта ұсынылған: www.top-employers.com.