Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Takeda компаниясы COVID-19-бен күресу үшін қайырымдылық шараларын жүзеге асырды

2020 ж. 14 шілде

Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы СOVID-19 пандемиясының қаупіне қарсы тұрудағы өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, медициналық мекемелерді қолдау және Азия-Кавказ кластерінде денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін арттыру бойынша бірқатар қайырымдылық іс-шараларын іске асырды.

Компания бизнесі әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болған қайырымдылық бірнеше бағытта жүргізіліп, ауруханаларға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақтарына және пациенттерге көмек көрсетілді. Осылайша, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар тобының құрамында Takeda Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығына (КСМО) интенсивті терапияға арналған заманауи жабдықтарды, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жәрдемдесу үшін жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алып, сыйға тартты.

Сонымен қатар, компания «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалына елордалық өңірде COVID-19 ауруының санын азайту үшін жұмыс істейтін Ақмола облыстық ауруханасының бір жарым мың медицина қызметкеріне арналған ЖҚҚ сатып алуға қаражат бөлді.

Takeda Өзбекстанның 30-дан астам емдеу-профилактикалық мекемелері үшін атаулы көмек көрсетті. Атаулы көмек құрамына 36 000 медициналық маска және 3 000-нан астам санитайзер кірді, олар жоғары қауіп аймағына еңбек ететін ЕПМ медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғау мүмкіндіктерін жақсартуда үлкен маңызға ие. Компания Қырғыз Республикасындағы Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасының сұрауына да тіл қатты. Медициналық мекеме гуманитарлық көмек алды, оның құрамына 2000-ға жуық ЖҚҚ кірді, оның ішінде бір реттік қорғаныс комбинезондары, медициналық респираторлар, көзілдірік және медициналық бет қалқандары бар.

Takeda өзінің құндылықтарына сүйене және пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріндегі мүдделеріне басымдық бере отырып, Әзірбайжандағы Гемофилия қауымдастығына гемофилияның күрделі түрімен ауыратын пациенттерді қолдау және COVID-19 жұқтырудың алдын алу, сондай-ақ оларға үйде медициналық көмек көрсету үшін қайырымдылық шараларын іске асырды. Сонымен қатар, Takeda компаниясының қаржылық көмегі COVID-19 жағдайында инфузиялық жүйелер тапшылығын сезінетін медициналық мекемелерге «Help Today» ҚҚ бағытталды, осыған байланысты Хантер синдромы бар 24 пациент энзимді алмастыратын тиісті түрдегі терапиядан шектелген.