Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

«Такеда» компаниясы қан плазмасынан алынатын COVID-19-ды емдеуге арналған препаратты әзірлеуді бастады

2020 ж. 3 наурыз

— Дамуы жоғары қаупі бар COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеуге арналған гипериммунды глобулиннің (H-IG) поликлональды анти-SARS-CoV-2 әзірленуі жүргізілуде

— Нарықта бар препараттар мен молекулаларды COVID-19 емдеуге қайта бағдарлау мүмкіндігі зерттелуде

Кембридж (Массачусетс, АҚШ), Осака (Жапония), 4 наурыз 2020 ж. — Бүгін «Takeda Фармасьютикал Компани Лимитед» компаниясы (TSE:4502/NYSE:TAK) (Takeda) АҚШ Конгрессінің мүшелеріне жоғары қауіп тобына кіретін COVID-19-бен ауыратын адамдарды емдеуге арналған поликлональды анти-SARS-CoV-2 гипериммунды глобулинді (H-IG) әзірлеуді бастағанын хабарлады. Сонымен қатар, компания жұқтырған науқастарды тиімді емдеу үшін нарыққа шығарылған және әзірленіп жатқан өз препараттарын қолдану мүмкіндігін зерттейтін болады. SARS-CoV-2 – бұл COVID-19 ауруын тудыратын вирус.

Гипериммунды глобулиндер – бұл қан плазмасынан алынған дәрілік зат, оның ауыр жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу үшін тиімділігі қазірдің өзінде көрсетілген және COVID-19 емдеудің бір нұсқасы болуы мүмкін. Takeda компаниясы осындай препараттарды жасауда 75 жылдан астам тәжірибесі бар қан плазмасынан алынатын дәрілік заттардың жетекші өндірушісі болып табылады және Takeda-да ТАК-888 белгісін алған поликлональды анти-SARS-CoV-2 гипериммунды Н-IG  зерттеу жүргізу, әзірлеу және өндіру үшін жеткілікті біліктілікке ие.

«Ауруларды емдеу және бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын нығайту жөніндегі біздің компаниямыз жаңа коронавирусқа байланысты қауіп-қатерге қарсы тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деді Takeda вакциналар бөлімінің президенті және COVID-19 індетіне жауап беру тобының жетекшілерінің бірі д-р Раджив Венкая. - «Біз компаниядағы тиісті активтер мен мүмкіндіктерді анықтадық және COVID-19 пациенттері мен олардың емдеуші дәрігерлері үшін емдеудің нұсқалар спектрін кеңейте аламыз деп үміттенеміз».

Қазіргі уақытта Takeda TAK-888 зерттеуін жеделдетілген түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін әртүрлі ұлттық денсаулық сақтау ұйымдарымен және мемлекеттік реттеу органдарымен, сондай-ақ АҚШ, Азия және Еуропадағы медициналық көмек көрсету бойынша серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Ол үшін COVID-19  жұқтыруы жеңіл өткен немесе вакцина жасалғаннан кейін вакцинацияланатын адамдардың қан плазмасына қол жетімділік қажет. Сауыққан донорларда вирусқа антиденелер қалыптастырылған, бұл COVID-19 бар пациенттерінде аурудың ауырлығын жеңілдетуі және оның дамуына жол бермеуі мүмкін.

 Н-IG әсер ету механизмі сауығып кеткен пациенттердің немесе вакцинацияланатын донорлардың қан плазмасынан бөлінген қоздырғышқа өзіне тән антиденелердің шоғырлануын арттырудан тұрады. Антиденелерді жаңа пациенттің денесіне тасымалдағаннан кейін, олар науқастың иммундық жүйесіне инфекцияға тиісті түрде жауап беруге көмектеседі және осылайша қалпына келу мүмкіндігін арттырады. TAK-888 жасау үшін қажетті қан плазмасының қазіргі уақытта бар плазма донорларынан алу ықтималдығының төмен болуына байланысты Takeda бастапқы кезеңде осы құралды компания кәсіпорнының Джорджиядағы жеке өндірістік учаскесінде дайындауға ниетті. Оны әзірлеу және дайындау Takeda-ның қан плазмасынан алынатын басқа да дәрілік заттарды өндіру қабілетіне теріс әсер етпеуі тиіс.  

 «Қан плазмасынан алынатын дәрілік заттар өте маңызды, өмірлік қажетті дәрі-дәрмектер болып табылады, олар әлемде сирек кездесетін және күрделі аурулары бар мыңдаған адамдарға күн сайын қажет», - дейді д-р Крис Морабито, Takeda зерттеу және қан плазмасынан дәрілік заттар өндіру бөлімінің басшысы— Біздің қызмет ауқымына, біздің біліктіліктерімізге және мүмкіндіктерімізге көбейтілген тәжірибеміз Takeda компаниясына ТАК-888 сияқты қан плазмасынан алынған дәрілік заттардың әлеуетін іске асыруға бірегей мүмкіндік береді». 

Бұдан басқа, Takeda нарыққа шығарылған жекелеген препараттар мен компанияның дәрілік  портфелінен алынған қосылыстар COVID-19 тиімді емдеуге перспективалы үміткерлер рөлінде бола алады ма деген мәселені зерделеуде. Қазіргі уақытта бұл жұмыс бастапқы кезеңде тұр, бірақ компания ішінде оған жоғары басымдық беріледі.

Денсаулық сақтау, вакцинопрофилактика, қан плазмасынан дәрі-дәрмектер өндірісі, зерттеулер мен әзірлемелер сияқты салалардағы өз мамандарымыздан тұратын ішкі жұмыс тобы біздің тәжірибеміз бен бүкіл әлемдегі серіктестеріміздің кең желісін COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмек табуға тарту мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады. COVID-19 — бұл ауыр жедел респираторлық синдромның қоздырғышы — SARS-CoV-2 коронавирусынан туындаған ауру, ол пневмонияны тудыруға қабілетті. Жақында ашылғаннан бері ол бүкіл әлем бойынша 3000-нан астам адамның өмірін алып кеткен. Қазіргі уақытта COVID-19 емдеу немесе алдын алу үшін тіркелген дәрі-дәрмектер немесе вакциналар жоқ.