Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

ЖАҢАЛЫҚТАР

Эбру Явуз Украина және ТМД кластерінің бас директоры

Takeda компаниясы Эбру Явузды жақында құрылған Украина және ТМД кластерінің бас директоры етіп тағайындады Learn more Бұл тағайындау Takeda компаниясының негізгі нарықтардағы үлкен синергияны қамтамасыз етуге бағытталған трансформациясын жалғастырады. Takeda жаһандық биофармацевтикалық компаниясы Эбру Явузды жақында құрылған Украина және ТМД кластерінің бас директоры етіп тағайындағаны туралы жариялады. Хабарландыру Takeda-ның негізгі кластерлеріне, яғни Украина, Беларусь, Молдова, Азия және Кавказ кластеріне қатысты ұйымдық құрылымның жақында жаңартылуынан кейін пайда болды. Осылайша, бұл бірігу Украина және ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) кластерін құрайды, оған келесі елдер кіреді: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және Украина.   Эбру Явуздың фармацевтикалық өнеркәсіпте 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі мен кең ауқымды оперативті білімі, саланы реттеу және жоғары стратегиялық басшылық саласында еңбек тәжірибесі бар. Эбру Явуз Takeda компаниясына 2016 жылдың ақпан айында ICMEA (Үндістан, ТМД елдері, Таяу Шығыс, Түркия және Африка) үшін Takeda Pharmaceuticals бизнес-операциялар бөлімінің басшысы ретінде қосылып, компанияның жұмыс істеуін дамыту, жақсарту және оның бизнес-операцияларын оңтайландыру үшін бизнес-стратегияны әзірлеуді жүзеге асырды. Оның бай тәжірибесі мен саланың даму динамикасын түсінуі Takeda-ның негізгі нарықтарында тұрақты өсуді қамтамасыз етуге көмектеседі.   Эбру Явуз өзінің тағайындалуына қатысты пікірін білдірді: «Мен Takeda-ның Украина және ТМД нарықтарындағы үздіксіз дамуына дән ризамын және пациенттеріміздің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қанағаттандыру үшін инновациялық емдеу әдістерінің көмегі арқылы командамен және серіктестерімізбен бірге қызмет етуді асыға күтемін. Біздің ұлттық денсаулық сақтау жүйелерімен әр түрлі аурулар бойынша серіктестігіміз тұрақты өсуге жол ашады, пациенттерге кең қол жетімділік мен олардың жалпы есен-саулығын қамтамасыз етеді. Біз құндылықтарымызды басшылыққа ала отырып, Украина мен ТМД-ның барлық кластеріндегі адамдар үшін жарқын болашақты қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз қиындықтарды азайтуға және жаңа құрылымымыз арқылы ауқымды үнемдеуге ұмтылатындықтан, біздің қызметкерлеріміз бен пациенттеріміздің қажеттіліктері біз үшін әрқашан басты басымдық болып қала береді».   Жаңадан құрылған Украина және ТМД кластері ICMEA аймағының бөлігі болып табылады, онда Takeda инновациялық дәрі-дәрмектері шамамен 3,3 миллиард адамға немесе әлем халқының 40%-ына қол жетімді. Takeda-ның Қазақстан Республикасындағы қызметі бұрынғыдай терапияның негізгі салаларындағы қазіргі және болашақ пациенттерге дейінгі емдеудің инновациялық әдістерін жедел, тұрақты және қолжетімді ілгерілетуге бағдарланатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Takeda Қазақстанда фармацевтикалық нарықтың 3%-ын иеленіп, 6-шы орында орналасады. https://takeda.info/3eIZAKy
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/new-gm/

Күрес COVID-19

COVID-19-бен күрес Learn more https://takeda.info/3631AJn
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/-covid-19/

Пациенттерге арналған мектеп

Қазақстанда сирек кездесетін ауруы бар пациенттерге арналған мектеп ұйымдастырылды Learn more «Help Today» қоғамдық қоры және «Жаңа Өмір» мукополисахаридозы және сирек кездесетін аурулары бар пациенттер қоры» ҚҚ Takeda Pharmaceuticals (бұдан әрі-Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының (бұдан әрі - Takeda) ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясымен бірлесіп, II типті мукополисахаридозы (II МПС) бар пациенттерге арналған білім беру мектептерінің циклын ұйымдастырды, оның шеңберінде сирек генетикалық ауруы бар пациенттер денсаулық сақтау мамандарынан маңызды практикалық ақпарат ала алады және сонымен бірге ауруға байланысты туындаған проблемалармен бөліседі. II МПС бар пациенттерді қолдаудың жаңа форматы денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен Хантер синдромы бар пациенттер арасындағы тиімді диалог алаңы болып табылады. Бүгінгі таңда ұйымдастырушылар екі білім беру Мектебін өткізді, олар уақыт талабына сәйкес онлайн форматта өтті және сирек генетикалық ауруы бар пациенттердің өзекті проблемалары мен мәселелеріне арналды. Іс-шараларға МПС-дың басқа да типтері бар пациенттер қосылды. «Шілде айынан бастап біз білім беру Мектебінің екі отырысын өткіздік және олар Хантер синдромы бар пациенттерді қолдау үшін Мектептің қажеттілігі хақындағы сенімімізді нығайтты. Біздің серіктес Takeda II МПС саласының маманы болып табылады және осы сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастардың проблемалары туралы жақсы біледі. Біз үнемі мукополисахаридозы бар пациенттерді қолдаудың жаңа түрлерін іздейміз, бұл әсіресе коронавирус пандемиясы кезеңінде өзекті», - деді «Жаңа Өмір» мукополисахаридозы және сирек кездесетін аурулары бар пациенттер қоры» ҚҚ директоры Самат Рамазанов. Мектептің бірінші отырысы барысында Қазақстандағы МПС бойынша республикалық үйлестіруші, м.ғ.д., Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы консультациялық-диагностикалық бөлімінің балалар гастроэнтерологы Майра Шәріпова пациенттерге МПС ауруының ерекшеліктері туралы еске салып, елдегі және әлемдегі COVID-19 жағдайы, сондай-ақ пациенттер үшін коронавирустан кейінгі ықтимал асқынулар және пандемия кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. «МПС - бұл өте ауыр ауру. Егер оны емдемесе, ол ерте балалық шақта мүгедектік пен өлімге әкеледі. Әзірге МПС-дың тек бес типін емдеуге арналған препараттар жасалды: I, II, IV, VI және VII. Емдеу ферментті алмастыру терапиясы түрінде ұсынылады - аптасына бір рет пациенттерге жетіспейтін ферменттер тағайындалады. Бұл препараттар өте қымбат, бірақ біздің мемлекет I, II, IV және VI типтері бар балаларды тегін қамтамасыз етеді. Бірақ ферментті алмастыру терапиясынан басқа біздің ерекше емделушілеріміз арнайы жағдайларға мұқтаж, сондықтан мукополисахаридоздармен ауыратын пациенттерге арналған білім беру Мектептерінің циклы – бұл олардың әлемге бейімделуіне көмектесудің және олардың өмір сүру сапасын арттыруға жәрдемдесудің тамаша мүмкіндігі. Бұл Мектепке тек Хантер синдромымен ғана емес, мукополисахаридоздың барлық түрлері бар пациенттердің ата-аналары қатысатынын атап өткім келеді, себебі проблемалар бәріне ортақ», - деп атап өтті Майра Шәріпова. Екінші Мектептің тақырыбы ЖРВИ маусымына арналды, оның барысында «University Medical Center» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы соматика бөлімінің меңгерушісі және орфандық үйлестірушісі Айгүл Ибраева сарапшы ретінде сөз сөйледі. Қатысушылар маманнан практикалық кеңестерді тыңдады және ЖРВИ маусымына «дайын» болу мүмкін бе; дәріханадан иммунитетті «сатып алуға» бола ма; денсаулықты нығайту бойынша заманауи трендтерді ұстану пайда немесе зиян әкеле ме деген сияқты толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Отырыс барысында Самат Рамазанов қатысушылармен өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, Хантер синдромымен қалай өмір сүру керектігі, сондай-ақ пациенттік ұйымның жұмысы, Мукополисахаридозы және сирек аурулары бар пациенттер қорының қызметін дамыту жоспарлары мен перспективалары туралы әңгімеледі. Ұйымдастырушылар МПС-мен ауыратын пациенттерге арналған білім беру Мектептері жалғасатынын атап өтті, өйткені олар тиімді диалог алаңына айналды, онда шақырылған сарапшылар пациенттерге маңызды ақпарат алуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар мамандар да осы сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастарды толғандыратын мәселелер туралы көбірек және тереңірек білуге және оларды бірлесіп шешуге мүмкіндік алады. Мукополисахаридоздар (МПС) – белгілі бір ферменттердің қалыптасуына жауап беретін гендердің мутациясы нәтижесінде пайда болатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын генетикалық аурулар тобы. МПС созылмалы прогрессивті ағынмен және әртүрлі жүйелік көріністермен сипатталады. Ауру орталық жүйке жүйесіне, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне, сүйек-буын аппаратына, ішкі ағзаларға (бауыр, көкбауыр) әсер етуі ықтимал, сондай-ақ пациенттер есту мен көру қабілетін жоғалтуы мүмкін. МПС-дың жалпы алғанда және оның жеке типтерінің таралуы бүкіл әлемде әр түрлі келеді. Орташа есеппен 100 000 нәрестеге бір жағдай. Бүгінгі таңда Қазақстанда мукополисахаридоздардың түрлі типтері бар 76 пациент тіркелген. https://takeda.info/3en2GUf
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/Patient_school/

Takeda Қазақстанда Shire-мен бірігудің заңды процесінің аяқталғаны

Takeda Қазақстанда Shire компаниясымен бірігудің заңды процесінің аяқталғаны туралы жариялады Learn more «Такеда Қазақстан» ЖШС (Takeda) биофармацевтикалық компаниясы Қазақстан Республикасында «Баксалта Қазақстан» ЖШС-не (Shire) қосылу жолымен қайта ұйымдастырудың заңды процесінің аяқталғаны туралы хабарлады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Баксалта Қазақстан» ЖШС өз қызметін тоқтатты және «Такеда Қазақстан» ЖШС компаниясы барлық міндеттемелер бойынша оның құқықтық мұрагеріне айналды. Аталған өзгерістер бірлескен Takeda компаниясын қалыптастыру процесін тездетеді, алайда шығарылатын дәрілік заттардың өндіріс процесіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді. «Такеда Қазақстан» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сабира Салыхова атап өтті: «Shire және Takedaның заңдық бірігу рәсімінің аяқталуы қол қойылған және келесімсөз үстіндегі шарттар, серіктестік және өзге де келісім-шарттар бойынша компанияның өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Біз денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға тырысамыз. Компанияның қайта ұйымдастырылуы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы Takeda-ның жетекші орнын нығайтып, қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділікті жеделдететініне сенімдіміз». 2019 жылдың қаңтарында жарияланған Takeda компаниялар тобының Shire компаниялар тобын сатып алу туралы келісімі Takeda-ға әлемдегі ТОП-10 фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіруге және ғылыми әзірлемелерге назар аудара отырып, биофармацевтикалық көшбасшыға айналуға мүмкіндік берді. Takeda белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге және инновациялық дәрілік заттарды әзірлеуге арналған бірқатар басым терапевтік бағыттарды анықтады. Негізгі терапевтік бағыттар: онкология, гастроэнтерология және иммунология, неврология және генетикалық аурулар. Мақсатты инвестициялар қан плазмасы вакциналары мен препараттарын әзірлеуде де жүзеге асырылады. Күшті инновациялық ғылыми-зерттеу платформасы компанияға серпінді инновациялық технологияларға назар аударып, осы бағыттардағы өнімдердің жаһандық портфелін дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бизнестің негізгі бағыттары Takeda жаһандық компаниясының жылдық жиынтық кірісін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Бірігу арқылы Takeda өзінің географиялық болмысын кеңейтті және Жапония мен АҚШ-та жетекші орынға ие болды. Енді 50 000 жоғары білікті қызметкерлердің қолдауымен компанияның әлемнің 80-нен астам елі мен аймақтарына инновациялық дәрілік заттарды жеткізуге мүмкіндігі бар. https://takeda.info/34QMNCa
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/Shire_finalizing/

Takeda компаниясы COVID-19-бен күресу үшін қайырымдылық шараларын жүзеге асырды

Takeda компаниясы COVID-19-бен күресу үшін қайырымдылық шараларын жүзеге асырды Learn more Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі болып табылатын «Такеда Қазақстан» компаниясы СOVID-19 пандемиясының қаупіне қарсы тұрудағы өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, медициналық мекемелерді қолдау және Азия-Кавказ кластерінде денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін арттыру бойынша бірқатар қайырымдылық іс-шараларын іске асырды. Компания бизнесі әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болған қайырымдылық бірнеше бағытта жүргізіліп, ауруханаларға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақтарына және пациенттерге көмек көрсетілді. Осылайша, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар тобының құрамында Takeda Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығына (КСМО) интенсивті терапияға арналған заманауи жабдықтарды, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жәрдемдесу үшін жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алып, сыйға тартты. Сонымен қатар, компания «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалына елордалық өңірде COVID-19 ауруының санын азайту үшін жұмыс істейтін Ақмола облыстық ауруханасының бір жарым мың медицина қызметкеріне арналған ЖҚҚ сатып алуға қаражат бөлді. Takeda Өзбекстанның 30-дан астам емдеу-профилактикалық мекемелері үшін атаулы көмек көрсетті. Атаулы көмек құрамына 36 000 медициналық маска және 3 000-нан астам санитайзер кірді, олар жоғары қауіп аймағына еңбек ететін ЕПМ медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғау мүмкіндіктерін жақсартуда үлкен маңызға ие. Компания Қырғыз Республикасындағы Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасының сұрауына да тіл қатты. Медициналық мекеме гуманитарлық көмек алды, оның құрамына 2000-ға жуық ЖҚҚ кірді, оның ішінде бір реттік қорғаныс комбинезондары, медициналық респираторлар, көзілдірік және медициналық бет қалқандары бар. Takeda өзінің құндылықтарына сүйене және пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріндегі мүдделеріне басымдық бере отырып, Әзірбайжандағы Гемофилия қауымдастығына гемофилияның күрделі түрімен ауыратын пациенттерді қолдау және COVID-19 жұқтырудың алдын алу, сондай-ақ оларға үйде медициналық көмек көрсету үшін қайырымдылық шараларын іске асырды. Сонымен қатар, Takeda компаниясының қаржылық көмегі COVID-19 жағдайында инфузиялық жүйелер тапшылығын сезінетін медициналық мекемелерге «Help Today» ҚҚ бағытталды, осыған байланысты Хантер синдромы бар 24 пациент энзимді алмастыратын тиісті түрдегі терапиядан шектелген. https://takeda.info/3mXt4ap
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/-covid-19/takeda--covid-19-------/

Өзбекстанның мекемелері Takeda жеке қорғаныс құралдарын алды

Өзбекстанның емдеу-профилактикалық мекемелері Takeda компаниясынан жеке қорғаныс құралдарын алды Learn more Өзбекстан Республикасындағы Takeda Pharmaceutical (бұдан әрі Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының өкілдігі осы елдің емдеу-профилактикалық мекемелеріне (ЕПМ) COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмония пандемиясымен күресте көмек көрсетті.Бөлінген қаражат республиканың 30-дан астам емдеу-профилактикалық мекемелері үшін жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бағытталды. Жеке қорғаныс құралдарына 36 000 медициналық маска және 3000-нан астам санитайзер кірді, олар елдегі COVID-19 жұқтырғандардың санын азайту мақсатында жоғары қауіпті аймаққа келген ЕПМ қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие. - Бүгінгі таңда жаңа коронавируспен күресу үшін Үкіметтің, медициналық қоғамдастықтың, фармацевтикалық компаниялардың және халықтың күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Takeda жаһандық деңгейде басқа серіктестермен альянста бірігіп, COVID-19 плазмалық терапиясын дайындау бойынша жұмыс істеуде. Біз сондай-ақ Өзбекстанда коронавирустың таралу қаупімен күресуге өз үлесімізді қосуға және елдің емдеу-профилактикалық мекемелері мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге дайынбыз,- деп атап өтті Азия-Кавказ кластеріндегі Takeda басшысы Арминас Мацевичус.Өзбекстан Республикасының оннан астам қаласында орналасқан 32 емдеу-профилактикалық мекемелері жеке қорғану құралдары түрінде көмек алды: Ташкент, Ферғана, Әндіжан, Наманган, Бұхара, Қарши, Самарқанд, Шерабад, Үргенч, Маргилан және басқалары.Қазіргі уақытта Takeda Pharmaceutical өзге де серіктестермен альянста бірлесе отырып, COVID-19-ға плазмалық терапияны дайындаумен айналысып жатыр, осылайша пандемияға қарсы жаһандық күреске өз үлесін қосуда. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша https://takeda.info/3en2wMD
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/uz_donation/

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы коронавируспен күресу үшін «Такеда Қазақстан» компаниясынан қаражат алды

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы коронавируспен күресу үшін «Такеда Қазақстан» компаниясынан қаражат алды Learn more «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақмола облыстық филиалы жаңа COVID-19 үлгідегі коронавирусы тудырған пневмония пандемиясына қарсы күресте Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына көмек көрсету үшін Takeda Pharmaceutical (бұдан әрі - Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының қазақстандық филиалынан 1 млн.теңге сомасында қаражат алды. Бөлінген қаражат қазіргі уақытта қауіп-қатері жоғары зонада жүріп, елордалық аймақтағы COVID-19 жұқтырған науқастардың санын азайту үшін еңбек етіп жатқан Ақмола облыстық ауруханасының бір жарым мың медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бағытталады. «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақмола облыстық филиалында жеке қорғаныс құралдары медициналық мекеменің шұғыл түрде мұқтаж кез-келгенге медициналық көмек көрсете алу қабілетін жетілдіруде, сондай-ақ қауіпті пандемияға қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұрған медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие екені атап өтілді. - Бүгінде үкіметтің, медициналық қауымдастықтың, фармацевтикалық компаниялар мен халықтың жаңа коронавируспен күресу үшін күш-жігерін біріктіруі өте маңызды. Takeda жаһандық деңгейдегі өзге де серіктестермен альянста бірігіп, COVID-19 плазмалық терапиясын құру бойынша жұмыс істеуде. Сондай-ақ біз Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне қарсы күресте өз үлесімізді қосуға және қазақстандық медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Азия-Кавказ кластеріндегі Takeda басшысы Арминас Мацевичус. Қазіргі уақытта Takeda Pharmaceutical, жаһандық деңгейде басқа серіктестермен альянста бірігіп плазмалық терапияны құру бойынша жұмыс істеуде. Қосымша сілтеме бойынша https://www.takeda.com/newsroom/featured-topics/coronavirus-efforts/ Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниясы туралы Takeda Pharmaceutical Company Limited (бұдан әрі – Takeda) компанияның және оның ғылыми-зерттеу қызметінің құндылықтарына негізделген, штаб-пәтері Жапонияда орналасқан биофармацевтикалық препараттарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания ғылыми жетістіктерін жоғары инновациялық препараттарға өзгерту арқылы емделушілерді емдеуде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеді. Компания өз күшін төрт терапия саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге шоғырландырады: онкология, гастроэнтерология, неврология мен сирек сырқаттар. Плазма туындылары мен вакциналар терапия саласындағы зерттеулер және әзірлемелерге мақсатты инвестициялар іске асырылады. Компания емдеудің жаңа нұсқаларының шекарасын кеңейтіп, жаңа тиімді өнімдерді жасау үшін Ғылыми әзірлемелер бөлімшесін (R&D) пайдалана отыра, адамдардың өмірін өзгертуге көмектесетін жоғары инновациялық дәрілік препараттарды жасауға тоғыстырылған. Біздің қызметкерлер емделушілердің өмір сапасын жақсартуға және шамамен 80 ел мен өңірлердегі денсаулық сақтау саласындағы серіктестерімізбен қызмет жасауға ұмтылады. Қосымша ақпарат алу үшін https://www.takeda.com сайтына кіріңіз.   https://takeda.info/2SVaAKt
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/Akmola/

Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасына гуманитарлық көмек көрсетілді

Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасына гуманитарлық көмек көрсетілді Learn more Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасы COVID-19-бен күресу үшін Takeda биофармацевтикалық компаниясынан гуманитарлық көмек алды. Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасы Қырғызстандағы Takeda Pharmaceutical (бұдан әрі Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының өкілдігінен COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмек алды. Гуманитарлық көмек құрамына мыңға жуық медициналық жеке қорғаныс құралдары, соның ішінде бір реттік қорғаныс комбинезондары, медициналық респираторлар, көзілдірік және медициналық бет қалқандары кірді. Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасында атап өткендей, жеке қорғаныс құралдары медициналық мекеменің қазіргі уақытта мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін жақсартуда, сондай-ақ жаңа коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрған медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие. «Бүгінгі таңда біздің аурухана клиникалық белгілері бар және COVID-19 диагнозы зертханалық расталған еліміздің оңтүстік өңірінің барлық азаматтары емдеуге жатқызылатын жалғыз облыстық мамандандырылған стационар болып табылады. Біз Takeda сияқты компанияларға көрсеткен көмегі үшін ризамыз. Бұл адамдардың денсаулығын нығайту және Қырғызстанда жаңа коронавирустың таралуына байланысты қауіпке қарсы тұру мәселелерінде компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі мен қолдауының жоғары деңгейін көрсетеді», - деді Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасының бас дәрігері Талантбек Арыстанқұлов. Бүгінгі таңда Ош облысаралық біріккен клиникалық ауруханасына COVID-19 диагнозы расталған 19 пациент жатқызылды. Аурухана жаңа коронавируспен күресу үшін тәулік бойы тағайындалған медициналық қызметкерлер тобының қатысуымен пациенттерді қажетті дәрі-дәрмектермен және оттегі терапиясымен қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салады.   https://takeda.info/3kR57AW
www.takeda.com/kk-kz/press-ortalyk/janalyktar/2020/Osh_donation/