Қол мділікті қосу жеті Қол мділікті қосу жеті

Мансап

666789824

Мансап

Әлемдегі 50 000 әріптестерімен, күшті өсу стратегиясымен және көрнекті құндылықтар мен сәттілік тарихына негізделген беделімен Takeda фармацевтика саласының көшбасшысы болып табылады. Біздің команданың мүшесі ретінде сіз үздік шешімдер қабылдай аласыз, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейінің бөлігі боласыз және кәсіби даму мүмкіндіктерін пайдалана аласыз.

Неліктен Takeda-да жұмыс істеу керек?

Адамдар біздің басты назарымызда

Мұнда бәрі маңызды және сіз біздің шабыттандыратын батыл миссиямыздың бір бөлігі боласыз. Сіз адамдардың өміріне ықпал етуге және күн сайын болашақты өзгертуге көмегіңізді тигізесіз. Біз сізге әлеуетіңізді ашуға және сенім мен құрметке негізделген бірлескен жұмыс атмосферасын дамытуға көмектесуге дайынбыз.

Құндылықтар

Біздің мәдениетіміздің түп-тамыры «Takeda-ism» деп аталатын философияға негізделеді. 240 жылдан астам уақыт ішінде біз ұстанымдарға беріктілікке, әділеттілікке, адалдық пен табандылыққа толы этикалық жұмыс ортасын қалыптастырдық. Біз бірінші кезекте пациенттерге бағдарлана шешім қабылдаймыз және әрекет етеміз. Біздің құндылықтарымыз бізге үлкен компанияның бір бөлігі ретінде жұмыс істеуге көмектеседі.

Мүмкіндіктер мен Сенім

Takeda компаниясының қызметкерлері терапевтік медициналық қажеттіліктерге деген айнымастығымызды түсінеді. Біз пациенттерге инновациялық, жоғары квалификациялы препараттардың қол жетімділігіне ықпал етеміз. Әлемдегі адамдар өздерін жақсы сезінуі үшін біз біріге отырып қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

Бос жұмыс орындары

Біз командада жұмыс істей алатын және ортақ мақсатқа жетуге ұмтылатын талантты адамдарды іздейміз.

Толығырақ

 

 

Takeda Қазақстанда екінші жыл қатарынан үздік жұмыс беруші болып танылды  

«Такеда Қазақстан» компаниясы Top Employers Institute (Үздік Жұмыс берушілер Институты) беделді халықаралық ұйымынан «Үздік жұмыс беруші 2021» марапатын алып, Қазақстандағы жетекші жұмыс берушінің беделді атағын растады. Takeda осымен төртінші жыл қатарынан әлемдегі үздік жұмыс берушінің беделді мәртебесін иеленіп келеді.

Top Employers Institute бағдарламасы персоналды басқару саласындағы озық тәжірибені растайтын тәуелсіз зерттеу нәтижелері негізінде ұйымдарды сертификаттайды.

Осы жылы Takeda компаниясы 38 елде және төрт географиялық аймақта «Үздік жұмыс беруші 2021» мәртебесін растау арқылы құндылықтар, этика және адалдық, ұйымдастырушылық өзгерістер, көшбасшылық, тұрақтылық, өнімділік пен белсенділікті басқару сияқты салалардағы Тop Employers Institute талаптарынан асып түсті:

  • Азия-Тынық мұхиты
  • Еуропа
  • Латын Америка
  • Таяу Шығыс.

Takeda жергілікті операциялық компанияларына берілген 38 сертификаттың 24-і Қазақстандағы Takeda құрамына кіретін «Өсіп келе жатқан және Дамушы нарықтар» бизнес-бөлімшесіне берілді.

 

TE2021-red
TE2021 global2